Жақында «Жаңа адамдар» қозғалысы ел ішінде «еліміздің Елтаңбасын біле ме?» деген сауалнама жүргізіп, көпшіліктің білмейтінін сөз етті. Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі алты бірдей ұқсас рәміздер арасынан біздің төл Елтаңбамызды тани алмаған екен.
Елтаңба – халық жүрегінің соғысы, ұлт тілегінің тоғысы. Оны әр қазақстандық қастерлеп, қадірлеуі, білуі, тануы азаматтық парызы десе болады. 1992 жылы бекітіліген рәміздерге қазірде кейбір тарихшылар, ғалымдар Елтаңбаны қайта қарау керек, атрибуттарын өзгерту қажет деген ұсыныстар айтып жатыр дегенді жиі естіп жатырмыз…Осы мәселе бойынша қоғамнан қалыс қалмай мен де өз пікірімді ортаға салсам деп ойлаймын.
Азат елдің ұлттық нышанын қазіргі Елтаңбамыз қаншама жылдар бойы өзгеге танытып, асқақтатты десек артық айтқанымыз болмас. Тұлға болған соң, әркімнің ой-пікіріәртүрлі дегендей…Бұндағы Шаңырақ пен уық, қанатты тұлпар, жұлдыз барлығы Елтаңба бейнесін аша түсіп, рухтанудың ұлы бетбұрысы болды. Мемлекетімізді танытуда. Осы рухтануды жандандыра түсу үшін қазақ үшін жан кешкен зиялыларымыз үшін, Елтаңбаға «АЛАШ» сөзін қосса деген ұсынысым бар. Бұл сөзді түсіндіріп жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын.Өйткені,ашық аспан мен азаттықты ұлықтап, ұлы даланы рух кернеген күнге жетуімізге үлкен үлесін қосқан осы Алаш болатын!