Меккеге барып дұға қылғаннан экономиканың дамымайтынын қоғам түсіну керек – Дархан Әбдік

Қазақ қоғамын біріктіртеін ешқандай ортақ идеялар жоқ. Белгілі журналист Дархан Әбдік елдің, қоғамның дамымай отыру себебіне тоқталды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Оның сөзінше, табиғи сұрып жоқ жерде эволюциялық даму болмайды. Авторитарлық жүйеге нық орналасқан қоғамда халықтың пікірі ескерілмейді. Сан түрлі бағдарламалар жасалып, небір жағымды идеялар айтылса да,одан бәрібір халықтың жағдайы жақсарып, қоғам дамып кетпейді. Журналист кеңестік кездегі идеяларды да салыстыра отырып, қазіргі жағдайдың да одан асып кетпегеніне тоқталды.

«Социалистік ұстаным ұранымен біраз ағартушылар «ауырды». Социалистік қоғамның түбі диктатураға айналатынын, жетілмейтінін, дамымайтынын адамзат деп аталатын ғылыми эксперимент көрсетті. Неге? Өйткені, социолистік жүйеде «адам өзігінен шыңдалады, совет адамын жасап шығарамыз, адамдар саналы түрде өздері жұмыс істейді. Дүкенге барады да, тегін өзіне қажетін алады. Қежетсізін қалдырып кетеді. Жалақы болмайды, ақша болмайды» деді.  Табиғаттың заңын түсіну керек. Табиғи сұрып болмаған жерде даму болмайды. Дамудың басты шарты – табиғи сұрып. Табиғи сұрып дегеніміз не? Кез келген мамандықта бәсекенің болуы. Бәсеке арқылы анағұрлым қабілетті, іскер адамдар сұрыпталып шығу керек, топты солар бастау керек», — деді Дархан Әбдік.

«Дөп сөз» бағдарламасына пікір білдірген журналист, демократиялық елдердегі саяси күреске тоқталды. Ел басқаруға ұмтылған, қоғамның дамуына жұмыс істеймін деген саяси тұлғалар біздің елдің шенеуніктері секілді халықтан қашпайды.

«Демек адам губернатор, президент болу үшін пікірталастарға қатысу керек, өзінің пікірін дәлелдеу керек, табиғи сұрыптан өту керек. Авторитарлық жүйелерде табиғи сұрып болмайды. Коммунизм неге сандырақ дейміз? Бәсеке болмаса, ешкім ақша үшін жұмыс істемесе, адам бір бірінне артық тауар өндіріп шығарайын деп бәсекелеспесе, қабілеттілер көшті жарып ілгері шықпаса ешқандай даму болмайды. Ал социолизм осы идеяны өлтірді. Табиғи сұрып және бәсеке деген идеяны өлтіреді. Сондықтан, социалистік идеялардағы бәрін тең ұстайық, байлардан тартып алып кедейлерге таратып берейік деген сандырақ», — деді ол.

Қоғамның дамымай қалуының тағы бір себебі, билікке келетіндер сайлау арқылы емес, әкеден балаға мұра ретінде таққа иелік етуі. Бұл үрдіс Орта Азия елдеріне де тән. Ал кез келген мемлекеттік қызметке келетіндер тағайындалып келді. Бұл да демократияны тежеудің басты көріністерінің бірі.

«Демократияның күші – билік әкеден балаға берілмеу керек, табиғи сұрып болу керек, ұдайы. Авторитарлық жүйелерде кері сұрып басталады. Авторитарлық жүйеде сайлау иниституты бұзылады. Мемлекет бұқараның меншігі. Бірақ бұқара өзінің қақын қалай жүзеге асырады? Жалғыз жол бар, сайлау барысында. Демек сайлау иниституы бұзылған кезде, фальсификация арқылы жүрген кезде, қоғамда табиғи сұрып болмайды, бұл эволюцияның басты қағидаты. Кез келген басшы өзінің бұйрығын қалт етпей орындайтын адамды тағайындайды. Ал тағайындалған адам ешқашан қоғамның алдында жауап бермейді. Тағайындаған адамның алдында ғана қарыздар, міндетті болады. Қоғам жетілу керек, ертеңгі көрер күні бүгінгі қабылдаған шешімдерге тікелей байланысты екенін түсіну керек. Меккеге барып дұға қылғаннан экономикамыздың дамымайтын түсіну керек. Жағдай қиын, бірақ мен жақсылықтың болатынына сенем деп өмір сүрмеу керек, оны жасау керек. Қазақстанда қоғамды біріктіретін қазір ештеңе жоқ. Қоғамды біріктіретін идеялар пісіп-жетілген жоқ біздің елде», — деген Дархан Әбдік жүйені сынға алды.