Марқұм Шерзаттың әкесі 15 күнге қамалып, ал әпкесі Қазақстаннан кететін болды

Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Азамат С.Нұрымоваға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтығы жоқ адам ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488- бабының 8-бөлімі.) Б.Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарылған.

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін азамат Қ.Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», — деп жазылған сот мәліметінде.