Өлсем Смайловтан көріңдер: қамаудағы судья тергеу изоляторында жатып араша сұрады

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы қалалық сотының экс-судьясы Светлана Жолманова үндеу жасады. Қамуда жатса да ұялы телефон қолданған Жоламанова өзі өлген жағдайда оған кімнің кінәлі болатынын атап көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today.

Айта кетейік, судья Светлана Жолмановаға қатысты іс 2021 жылы басталған. Экс-судьяның кабинетінен 10 мың доллар табылған соң оған қатысты «алаяқтық» бабымен іс қозғалған. Судья бұл ақша ипотекасын жабу үшін жинаған қаражаты екенін айтқан.

Жалпы, Жолманова қамауға дейін де, қамауда отырса да Алматы қаласы сотының төрағасы Асқар Смайловтың қудалауына ұшырағанын айтып келеді.

«Менің тергеуде отырғаныма екі ай болды. Ешкім менің хаттарыма жауап бермейді, қаншама хат жаздым. Мен ерекше бақылаудамын. Жақындарыма қоңырау шалуға да рұқсат бермейді. Кезінде, қаладан шықпау туралы қолхат сұралмағанның өзінде мен екі жыл болы Алматыдан ешқайда шықпаған едім. Мені қамады, менің мүлкімді алып жатыр. Мен қарыздарымнан құтыла алмай жатырмын. Балаларым мен қарт анамның жағдайы қиын. Осы видеоға жауап берулеріңізді сұраймын. Смайловтан мені өлім ғана құтқаратын сияқты. Мен өлсем Смайловтан көріңіздер», — деді Светлана Жолманова.

Еске салайық, Жолманова бұрын да баспасөз мәслихатын өткізіп, Алматы қалалық сотының төрағасымен арада келіспеушілік бар екенін ашық мәлімдеген. Қоғам оны Бауыржан Байбектің екінші әйелі Жанар Байбектің жан құрбысы деп таныған.

 

91