Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан алты шетелдік қаза тапты

Маңғыстау облысы полиция департаментінің деректері бойынша қайғылы оқиға сағат 07:30-да болған. Бейнеу-Тәжен тасжолында Jac автокөлігі MAN маркалы жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Көлікте 10 адам болған. Алтауы оқыиға орнында қаза тапқан, зардап шеккен төрт жолаушы  Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде. Қажет емді алып жатыр», — деді полиция.

Жол апатына қатысы бар көліктер Өзбекстанда тіркелгені белгілі болды. Жәбірленушілер мен қаза тапқандар — Ресейден келе жатқан Өзбекстан азаматтары.

Аталған дерекке қатысты соталды тергеу басталды.

«Болған жайт туралы Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына хабарланды», — деді ведомство өкілі.

Фото: gov.kz