Мақпал Жүнісова Майра Ілиясованы 1 миллион теңгемен құттықтады (ВИДЕО)

Мақпал Жүнісова Майра Ілиясованы туған күнімен ерекше құттықтап, шотына қомақты қаражат аударды, деп хабарлайды Qazaq Today сайтына сілтемемен.

Өнер иесі Майра Ілиясова 70 жасқа толып, шығармашылық кешін өткізді.

– Шақырған қонақтарыңыздың бәрі келді. Ең бастысы – көрерменнің ықыласы. Шапан сыйлайын деп едім, бірақ ондайыңыз көп екен. Сол себепті өзіңізге ұнайтын дүниені аларсыз деген ниетпен шотыңызға 1 миллион теңге аудардым, – деді Мақпал Жүнісова.

Кеш барысында қос өнерпаздың әзіл-қалжыңы да көрерменді күлкіге қарық қылды.

– 70 жасты жасырып қайтесіз?! Бетіңізге бәрі жазылып тұр. Алдыңыздан қараса – пионер, артыңыздан қараса – пенсионер! – деп әзілдеді халық әртісі.

Осы сәтте Майра Ілиясова да: «Шынымен, жас көрінеді екенбіз», – деп қолдады.