Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр

Фото: Скрин Khabar телеарнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың мәліметінше, тергеу Гүлмира Сатыбалдыға ғана емес, басқа да тұлғаларға қатысты жүріп жатыр.

«Агенттік шынымен де Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты «Восточка» көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу кезіндегі заңсыз әрекеттерге қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр», – деді ресми өкіл.

Ресми өкіл оған қандай бап бойынша іс қозғалып жатқанын нақтыламады.