
Атыраудағы қамыс өртіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Өрт аумағы 1500 гектардан асты. Қазіргі таңда қызыл жалын толық оқшауланған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері бықсып жатқан жерлерге су шашып жатыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. «Ақжайық» резерватының аумағына тәулік бойы кезекшілік қойылып, оқиға басында жедел штаб жұмыс істеуде. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 100-ден астам адам мен 30 шақты техника жұмылдырылған. Өрттің шығу ошағы батпақты, қамысты…