Қазақстандық алғашқы лоукостер FlyArystan әуекомпаниясы әуе флотын тікелей Тулуз қаласындағы өндіруші зауыттан келген жаңа Airbus A320 Neo ұшағымен толықтырды. Бұл әуе компаниясының Қазақстандағы 12-ші ұшағы. Жаңа Neo ұшағы дыбыссыз әрі тиімді ғана емес, сонымен қатар экологияға әсері төмен дейді компанияның басшылары. 2016 жылдан A320neo үлгісінің ұшақтары пайдалануға берілгеннен бастап CO2 көлемінің шығарылуы 15 млн тоннаға кеміді. Ұшақ қанаттарының Sharklets пішіні (ағылшыннан “акуланың жүзбеқанаты”), тиімді қозғалтқыштары мен салонның жаңа модификациясы арқасында дыбыс деңгейі жартылай, ал отын шығыны 20% азайды.
FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Мадина Бужинованың айтуынша, флоттың жаңаруы FlyArystan үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл отандық авиация үшін үлкен нәтиже. Себебі халықаралық нарықта заманауи және жас лайнерлердің қолданысы саланың жоғары даму көрсеткіші болып табылады.
Airbus A320Neo FlyArystan бортта ауа баптау жүйесінің аса тиімді HEPA-фильтрлері 2-3 минут ішінде салонда толықтай ауаны тазалауды қамтамасыз етеді. Бұл ауаның бірқалыпты таратылуына және өтпе желдер болдырмауына кепіл береді. FlyArystan – Қазақстандағы алғашқы бюджеттік лоукостері, алғаш рейсті 2019 жылдың мамыр айында орындаған. Қазіргі таңда FlyArystan әуе флоты Airbus A320 12 ұшақтарынан тұрады. Олар күнделікті 60 жуық рейстерді Қазақстан бойынша мен шетелге орындайды. Лоукостердің бағдарлар желісі 44 бағыттан, оның ішінде 28 ішкі мен 16 шетел бағыттардан тұрады. FlyArystan – Air Astana құрамындағы еншілес бөлімі.
|
FlyArystan-ның халықаралық бағдарлар желісі Қазақстаннан тұрақты рейстерді Түркия, Грузия, Қырғыстан, Әзірбайжан мен Мысыр, БАӘ мен тағы басқа чартерлік рейстерден тұрады. Лоуксостердің мобильді қосымшасында негізгі мен қосымша қызметтері қолжетімді. 2022 ж тамызында лоукостер алғаш рейсті 2019 жылда орындағанан бері 7 миллионшы жолаушыны тасымалдады. |