Tag Archives: Ақорда

Президент өкімімен Абзал Нүкенов лауазымынан босатылды

Ақордада кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Тоқаев Ақордада Ильхам Әлиевті салтанатпен қарсы алды

Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан соң екі елдің әнұрандары орындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Серхио Мухикамен кездесті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хатшысы Серхио Мухиканы қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стандарттау ұйымы жаһандық сауда, инновация мен орнықты дамудың негізін қалыптастыратын беделді институт екеніне тоқталды.

Президент Қазақстанның ISO-мен бірге цифрлық трансформация, орнықты даму және цифрландыру секілді салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға әлеуеті мол екенін жеткізді.

Бас хатшы Серхио Мухика ұлттық стандарттау жүйесі мен цифрлық технологияны дамыту бағытындағы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, еліміздің ұйым қызметіне белсенді қатысатынын және халықаралық стандарттарды енгізуге әзір екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серхио Мухика табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жұмыстардың жаңа бағыттарын дамытуға өзара ниет танытты.

Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды

Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде бірқатар тағайындау жүргізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Сол сияқты Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы: Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес

Фото: Ақорда

Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында билік тармағын түбегейлі жаңғырту керек екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Біріншіден, біз барлық реформаны тек эволюциялық жолмен жүргіземіз. Яғни азаматтардың сұранысы, төл ерекшелігіміз бен еліміздің түпкі мүддесі ескеріледі.  Парламенттік реформа кезең-кезеңімен іске асырылып келе жатқан ауқымды саяси жаңғырудың қисынына сай келеді.  Естеріңізде болса, саяси реформалардың төрт пакеті аясында парламенттік оппозиция туралы норма бекітілген еді. Онда өкілдері аз партияға Мәжілістің тұрақты комитеттерінің бірінде төрағалық лауазым атқару және парламенттік тыңдау өткізу туралы бастама көтеру құқығына кепілдік берілді», – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, партиялар Парламентке өтуі үшін сайлаудың төменгі шегі азайтылды. Содан соң 2022 жылы жүргізілген конституциялық реформаның арқасында біз Мәжілістің құзіретін елеулі түрде кеңейттік. Нақты айтқанда, бүгінде Мәжіліс заң қабылдайды, ал Сенат мақұлдайды.

«Бұл алғашқы қадамдар еді. Енді соңғы жылдары қоғамдағы саяси мәдениеттің едәуір өскенін ескере отырып, біз бірте-бірте және байыпты жолмен бір палаталы Парламентке өтуді бастаймыз».  «Екіншіден, парламенттік реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси формуласына толық сай келеді. Жаңа да атап өттім, бұл – мемлекетіміздің құрылымын айқындайтын басты тұжырым.  Түптеп келгенде, парламенттік реформа және осыған дейін жүзеге асырылған реформалар біздің аймақта бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде, жаңа басқару жүйесінің негізін қалайды.  Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселеге назар аударғым келеді: Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат – айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша, азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады», – деді Тоқаев.