 
        
            Президент өкімімен Абзал Нүкенов лауазымынан босатылды
Ақордада кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

 
         
         
        