Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова мәлімдеді.
«Qazmed» медицина қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіптік одағының қатары артуда. Бүгін ұжымға ҚР Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде кәсіподақ төрағасының жаңа кеңесшісі Елжан Біртанов таныстырылды. «Qazmed» республикалық медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әлиақпар Мәтішев әріптестерін құттықтай отырып, медицина қызметкерлері әлеуметтік-әріптестік қатынастарды дамытуда орасан зор тәжірибесі бар Елжан Біртановқа үлкен үміт артып отырғанын атап өтті», — деп жазды Гүлмира Қаракөзова Facebook парақшасында.
Qazaq.today