Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде 50-ге жуық үйді су басты

Қызыл су Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарын әбігерге салып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті.

«Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Жалпы 51 үйді су басты. Оның 45-і – Батыс Қазақстан облысында болса, 6 – Ақтөбе облысы аумағында. 240 адамның 20-дан астамы уақытша эвакуация пунктіне орналасты, қалғандары туыстарының үйіне кетті», – деді министр Үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, мониторинг жұмыстары жалғасуда, жол жабынында 26 су тасқыны байқалған еді, оның 13-і тоқтатылды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ, БҚО-ның Бәйтерек, Бөрлі аудандарында да жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Еріген қар суы кәрір жүйесін толтырып жібергендіктен, Ақсай қаласы тұрғындарына су күніне 2 сағат қана беріліп жатыр.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here