Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылдың 30 қаңтарында сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,36 теңгеге көтеріліп, 519,28 теңге болды.
Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне байланысты юань биржасында сауда болған жоқ.
Ақша айырбастау орындарында доллар 519,75-522,34 теңге, еуро 540,24-544,40 теңге, рубль 5,17-5,25 теңге аралығында сатылуда.