Елімізде 4 мыңға жуық үй апатты жағдайда тұр

Республиканың тұрғын үй қорында тозығы жеткен және авариялық жағдайдағы 3 мың 700 үй бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап.

«Авариялық тұрғын үй иелерінің мәселелерін шешу және елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында бұзылатын үйлердің тізбесін айқындай отырып, қабылданған реновациялау бағдарламалары өзектендірілетін болады.

2029 жылға 1 мың 500 үйді бұзу және 40 мың меншік иесінің тұрғын үй мәселелерін шешуді қамтамасыз ету жоспарланған, оның ішінде биыл 3 мыңнан астам меншік иесін қамтитын 120 көппәтерлі тұрғын үй бар», — деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат.

 

Qazaq.today