Әлемге танымал «Lenovo» компаниясы Қазақстанға келмек

Әлемдік ірі өндірушілердің бірі – «Lenovo» компаниясы Қазақстанда өндіріс орындарын ашпақшы. Бұл туралы компанияның Батыс Еуропа және орта Азия елдеріндегі корпоративті сату менеджері Ғазиз Абдрасилов мәлімдеді.

Алматы қаласында өткен Digital Almaty халықаралық форумында сөз алған Ғазиз Абрасилов жергілікті өндірісті жоспарлап отырғанын айтты. Алғашқы кезеңде компьютер, моноблок, ноутбуктер мен планшеттер шығаруды жүзеге асырмақшы. Компания өкілінің айтуынша, жергілікті өндіруші компанияның бірімен серіктес болып, бірлесіп өндіріс жүргізуді таңдап қойған.

«Біз Қазақстанда бірден үлкен зауыт ашпасақ та, өндірісті кезең-кезеңімен локализациялағымыз келеді. Алғашқы кезеңде кейбір өнімдері кастомизация жасау жоспарда бар. Ол – Lenovo өнімдерін осында құрастыру дегенді білдіреді. Сол мақсатта жергілікті өндіруші компанияның бірі – «QazaQ Technology LTD» ЖШС-мен келісімге келдік. Алғашында кезеңде локализация деңгейі – 20-30% құрайды» – деді Ғазиз Абдрасилов.

Одан бөлек ірі өндіруші Қазақстанда компьютерлік технологиялар мамандарын даярлауды да жоспарлап отыр. Бірінші кезеңді сәтті еңсерген жағдайда компания келесі кезеңде ауқымды өндіріске көшпекші. Ал үшінші кезеңде өнімдердің барлық бөлшектері жергілікті жерде даярланып, толық өндіріске өтеді.

Аталған компания 2021-2022 жылдары әлемде 71,26 млдр доллар  пайда тапты. Бұл – Lenovo үшін рекордтық көрсеткіш. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 18%-ға артық

 

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here