Әділет министрлігі көлікті қыздыру нормасын қайта қарайтын болды

Әділет министрлігі депутаттардың шағымынан кейін көлікті ұзақ қыздыру нормасын қайта қарастырады. Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет виц-министрі Ботагөз Жақселекова мәлім етті, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жақселекованың сөзінше, аталған мәселе ведомствоаралық комиссияда қаралады, оның құрамында тек тиісті мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ депутаттар да болады.

«Егер депутаттық сұрау осы тақырыпта түскен болса, бұл мәселе анықталып талқыланады. Қосымша нәтижелер қарау қорытындысы бойынша хабарланады», —  вице-министр Ботагөз Жақселекова.

Кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар аязды уақытта көлікті 5 минуттан артық жылытуға салынатын айыппұлдарды қайта қарауды сұраған еді. Себебі ауа-райының суықтығына байланысты солтүстікте бұл үшін көбірек уақыт қажет болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережелерінің 88-бабы 5-тармағына сәйкес елді мекендерде қозғалтқышы қосулы көліктердің тұруы, егер ол тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады.

Бұл талапты бұзған көлік жүргізушілеріне 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады:

АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 2024 жылы — 18 460 теңгені құраса, 2025 жылы — 19 660 теңгеге жетті.

Егер көлік жүргізушісі бұл ережені 12 ай ішінде қайта бұзса, айыппұл мөлшері 10 АЕК, яғни 39 320 теңгеге дейін артады.