Фото: drawinks
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ауыр күнә болса да, онымен намаз оқи беруге болады деген түсініксіздеу тағы бір патуа шығарды. Муфтият бұл жолы денесіне сурет салдырып, татуировка жасататын адамдарға қатысты шариғаттың үкімін жариялады.
Өздерін ғұламалар кеңесі деп бекіткен Мүфтияттың өкілдері татуировканы харам деп тапса да, онымен намаз оқуға болатыны туралы патуа бекіткен, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Ғұламалар татуировканың харам екендігіне бірауыздан келіскен. Ол – үлкен күнә. Өйткені ол Алланың жаратылысын өзгерту, көзбояушылық, қанның араласуы себепті нәжіс бояумен бояу, денеге зиян беру болып саналады. Сондықтан денеге сурет салуға тыйым салынады», — деп жазады мүфтият.
Осыған байланысты ғұламалар мынандай пәтуаға тоқтаған:
денеге татуировка салу – харам, үлкен күнә. Тәубе етіп, мүмкіндік болса, оны кетіруі керек.
татуировканы кетіру денсаулыққа зиян болса, оны қалдырудың оқасы жоқ. Ол дәретке, намазға және имамдыққа кедергі болмайды.
«Тәубе етіп, мүмкіндігі болса оны кетіруі тиіс. Егер татуировканы кетіру денеге зиян тигізіп жатса, онда оны сол күйінде қалдырады», — деп ақыл айтты Муфтияттың ғұмалар кеңесі.