Sorting by

×

Депутат кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына автокөлік сыйлады

Машинаның кілтін кәсіпкер, қоғам қайраткері, меценат, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, TAS Group компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекей тапсырды, деп хабарлайды Qazaq.today.

TAS GROUP-ҚР және ТМД елдерінің тұрғындарына қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын компаниялар тобы.

Дулат Тастекеев спортшыларға, оның ішінде кәсіби боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұған дейін ол чемпион Жәнібек Әлімханұлының екі жекпе-жегін қаржылай қолдады. Жақында жеңіске жеткені үшін чемпионға Zeekr 001 автокөлігінің кілтін табыс етті.

«Баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Сіздердің қолдауларыңызды мұхиттың арғы жағынан сезінеміз. Көп рахмет сіздерге. Дулат аға сыйлығыңызға көп рахмет. Осы сәтті пайдалана отырып өзімнің інілігімді, қазақылығымды, бауырлығымды жасағым кеп отыр. Біз қазақ Qazaq styleды әлем тарихында қалдырамыз. Сол тарихты менімен бірге қашап, жазып жүрген Берік Сұлтан. Ол менің ағам, менеджерім. Бұл кісі болмаса біздің Qazaq style тарихы әлсіз жазылушы еді. Сондықтан осы кісіге рахмет. Темір тұлпар өзіңіздікі. Жанқош бауырым жеңіске жетсін, сәттілік»,- деді Жәнібек Әлімханұлы.

Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров пен жапондық Ахиркиро Конда арасында жекпе-жек өтіп жатыр.



«Барлықтарыңыз қазақ спортының жанкүйерлері екендеріңізді білеміз. Екі үлкен белбеуді жеңіп алдық. Алдымызда Чарло ( Джермалл) бар, Канело (Альварес) бар. Соларды құлатуды нәсіп етсін», — деді Берік Сұлтан.

Жанқош Тұраров ұпай санымен жеңіске жетті.