
Бішкектегі берекесіздік: «Яндекс.Такси» жүргізушілері митингке шықты
Фото: www Бішкекте «Яндекс.Такси» жүргізушілері митингке шықты. Компанияның кеңсесі алдына ондаған адам жиналып, билікке де талап қойды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап. Такси жүргізушілері компанияға тапсырыстардан 21 пайыз комиссия төлеуге мәжбүр екеніне наразы. Олар көршілес Қазақстанда, комиссияның үш есе аз екенін атап өтті. Жүргізушілер әр тапсырыстан алынатын комиссияны 7 пайызға дейін төмендетуді талап етуде….