Түркиядан елімізге 64 адам жеткізілді

Газиантеп қаласынан арнайы бортпен Қазақстанның – 42, Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген. Осы уақытта арнайы борт Астана халықаралық әуежайына қонды. Эвакуацияланған адамдар паспорттық бақылаудан өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  Еске салайық, Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні Газиантепке қонған болатын. Мамандарымыздың екінші…

Толық оқу

Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар беруді тапсырды

Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша көмек тағы қарастырылады. «Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды», — делінген хабарламада. Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою…

Толық оқу

Қазақстандық құтқарушылар үйінді астында қалған адамды аман алып шықты

Қазақстандық құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан бүлінген үйлердің конструкцияларын демонтаждау және іздестіру-құтқару жұмыстарының жедел кадрларын жариялады. «Түркияға келген қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары объектілерге бекітілген болатын. Өткен тәулікте бірінші топ қатты қисайған алты қабатты үйді тексерді, үй шөгіп жатыр,…

Толық оқу

Түркияда қаза тапқандар саны 6 мыңнан асты

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6 мыңнан асты,-деп Qazaq.today хабарлайды  Daily Sabah басылымына сілтеме жасап. Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) дерегінше, зілзаладан көз жұмғандар саны 6234, ал зардап шеккендер саны 37011-ге жетті. Сондай-ақ қазіргі уақытта аймаққа көмек көрсетуге 79 110 адам жұмылдырылған.   Qazaq.today

Толық оқу

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқан адамдар саны 4 350-ден асты

Түркияда болған табиғи апат салдарынан 2 921 адам қаза тауып, 15 834 адам жарақат алды. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезар мәлім етті. Ал AFP ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сирияда кем дегенде 1444 адам қаза тауып, 3530 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы.  Түркияда 6 ақпанда болған зілзала соңғы 84…

Толық оқу