Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқан адамдар саны 4 350-ден асты

Түркияда болған табиғи апат салдарынан 2 921 адам қаза тауып, 15 834 адам жарақат алды. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезар мәлім етті. Ал AFP ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сирияда кем дегенде 1444 адам қаза тауып, 3530 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. 

Түркияда 6 ақпанда болған зілзала соңғы 84 жылдағы ең күшті жер сілкінісі болып отыр.

Таңертең Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмараш провинциясында эпицентрі 7 шақырым тереңдікте, магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің салдары Түркия мен көршілес Сирияның көптеген аймақтарына әсер етті. Жерасты дүмпулері күні бойы жалғасты.

Апат Түркия тарихындағы 1939 жылдан бергі ең ауыр апат саналды. Ол кезде 7,8 балдық жер сілкінісі салдарынан 33 мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.

Қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық Түркия мен Сирияға көмек көрсету жұмысына қызу кірісіп кетті.

Әлемдік қауымдастық екі елге де көмек көрсетуді ұсынды. Швеция жер сілкінісіне байланысты Еуропалық Одақтағы апатқа ден қоюдың ең жоғары жүйесін – интеграцияланған саяси дағдарысқа қарсы әрекет ету механизмін (IPCR) енгізуге бастамашы болды. Мұндай механизм ЕО елдері, институттары және басқа тараптар деңгейінде шешім қабылдауды жеңілдету және жылдамдату үшін әзірленген.

Брюссель оннан астам іздеу-құтқару топтарын жұмылдырды, карта жасау қызметтерін көрсету үшін өзінің Copernicus спутниктік жүйесін іске қосты және гуманитарлық көмек бағдарламалары арқылы Сириядағы зардап шеккендерге қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді, деп хабарлады Еуропалық комиссияның өкілі.

Еуропадан бөлек Ресей, Украина, Израиль, АҚШ және басқа да елдердің билігі қолдау білдірді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Алдын ала мәлімет бойынша борт Газиантеп қаласына барады.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here