
Қазақстандық конькишіге Әлем кубогының медалін иеленуге 0,01 секунд жетпей қалды
Конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Кристина Силаеваға Әлем кубогы кезеңінде медаль иеленуге сәл ғана жетпей қалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеп. Канаданың Калгари қаласында өткен жарыстың соңғы күні спортшы 500 метр қашықтықта ең мықтылар дивизионында сынға түсті. Силаева 37,25 секунд нәтиже көрсетіп, төртінші орынға ие болды. Қазақстандық қыз қола жүлдегер атанған…