Жәнібек Әлімханұлы Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Top Rank ұйымдастыратын кеш 5 сәуірде өтуі мүмкін. Спорт сарапшыларының болжамы бойынша жекпе-жек Астанада ұйымдастырылады деген пікір айтады.

Бұған дейін Әлімханұлы өзіне абсолютті чемпион атағы керектігін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Әлімханұлы шаршы алаңға соңғы рет 2024 жылғы 4 қазанда Сиднейде шығып, тоғызыншы раундта жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутқа түсірді.

51