
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасында алғашқы жеңілісіне ұшырады
Фото: kff.kz Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасы жарысының екінші турында Армения командасынан жеңілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Отандастарымыз бұл ойынды сырт алаңда өткізді. Армавирде болған матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Армения сапында 15 минутта Светлана Каразгезян гол соқса, 56 минутта пенальтиден Оксана Пизлова есепті еселеді. Бұл Қазақстан құрамасының топтағы екінші ойыны. Алғашқы…