Алматыда көрнекті жазушы Ақселеу Сейдімбектің құрметіне мемориалды тақта ашылды

Алматыда  көрнекті жазушы, ағартушы-ғалым, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің құрметіне арналған мемориалды тақта салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институты Дидактика зертханасының бас ғылыми қызметкері, п.ғ.д., профессор Жаұмбай Амантұрлыұлы…

Толық оқу

Алматылық оқушы тарихты оқуға арналған қосымша ойлап тапты

Оқу-ағарту министрлігі Алматы қаласының №15 гимназиясының оқушысы Тимур Қырбасовтың өлкенің тарихын зерттеуге арналған қосымшаны ойлап тапқанын хабарлады. Министрліктің мәліметіне қарағанда, бағдарлама көше немесе аялдамаға жақындаған кезде автоматты түрде пайдалы, тарихи-танымдық ақпарат береді. Бұл қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады. Тимур Қырбасовтың айтуынша, бұл жоба «Менің қаламның, елімнің тарихын зерттеуде ICT-технологияларды қолдану»…

Толық оқу

Туристер Халықаралық ғарыш станциясына ұшты

SpaceX компаниясы Axiom коммерциялық бағдарламасы аясында туристерді Халықаралық ғарыш станциясына ұшырды. Компанияның мәліметіне қарағанда, Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш орталығынан (АҚШ, Флорида штаты) NASA-ның бұрынғы астронавты, Халықаралық ғарыш станциясының бірінші әйел командирі Пегги Уитсонның басшылығымен кәсіпкер Джон Шоффнер, экипаж мүшелері — Сауд Арабиясының астронавтары Райян Барнави мен Али әл-Карни ұшты.  Ғарышкерлер ХҒС-та сегіз күн болып, оның…

Толық оқу

Алматы студенттері экодатчиктер ойлап тапты

Алматыда студенттер жаңа экодатчик ойлап тапты. Өнертапқыштар Алматы көшелеріндегі экодатчик жұмысының алғашқы нәтижелерін де тексеріп үлгерген, деп хабарлайды Qazaq.today. Қаладағы көліктен шығатын зиянды заттардың көрсеткіші Алматы қаласының Экология басқармасы мен Полиция департаментіне берілді. Оны Алматы қаласының техникалық мамандықтар бойынша білім алатын сегіз студенті ойлап тапқан. Олар газдың нормалардан асып кету ықтималдығы жоғары автокөліктерді анықтауға мүмкіндік…

Толық оқу