«Жүргізуші қалғып кеткен»: Ақтөбеде балалар зардап шеккен апатқа қатысты тың деректер шықты
Ақтөбеде оқушылар мінген көліктің аударылып қалуына жүргізушінің кінәсі бар. Ол рөлде қалғып кеткен. Қазіргі кезде спорт мектебінің басшыларына қатысты да қылмыстық іс қозғалып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында болған оқиғаны Алға аудандық полиция бөлімі тергеп жатыр. Қазіргі кезде жүргізуші қамауға алынған. Бірнеше сараптама тағайындалды. Алдын-ала белгілі болғаны, жүргізуші ішімдік ішпеген. «Жол-көлік…