Ұрланған көлікті заңдастырмақ болған Орал тұрғыны ұсталды
Оралдық тұрғын Арменияда ұрланған автокөлікті заңдастырғысы келген. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері Дариға Мәжитова мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. Оның айтуынша, 17 ақпан күні иесі заңдастыруға әкелген «Ford Explorer» автокөлігінің Арменияда ұрланғаны анықталды. «Сонымен қатар 16 ақпанда «Шевролет Кобальт» автокөлігінің шанақ нөмірін қолдан жасау дерегі белгілі болды. Оның құжаттарында…