4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлінбейді

Үкімет жеңілдетілген несиемен көлік алу бағдарламасына енді қаражат салмайды. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдаудан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме беріп. 

Айта кетейік, осыған дейін Үкімет бұл бағдарлама үшін бюджеттен 88 млрд теңге, утилизациялық алымнан жиналған қаражаттан 100 млрд теңге ақша алып салған еді.

«Осылайша, бағдарламаның айналымында 188 млрд теңге жатыр. Бағдарламаға деген сұраныс, әрине, жоғары, бірақ оған салған осы 188 млрд теңге жеткілікті. Алдағы уақытта біз бұл бағдарламаға ақша құймаймыз. Өйткені, үкіметтің атқаратын басқа да маңызды міндеттері бар. Бағдарлама орындалды деп санаймын», – деді Скляр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 6 ақпанда осы бағларламаға өтініш беру ашылған болатын. Бірақ өкініштісі, бағдарлама басталмай жатып, сынға ұшырады. Өйткен, жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасына өтінім беру небәрі 18 секундта аяқталып, көп азамат өтініш беріп үлгермегенін айтады.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here