
Парақорлар елі: Қазақстанда жемқорлыққа баратын лауазымды қызметкерлердің саны көбейген
Қазақстанда биылғы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша 1,2 мың жемқорлық қылмысы тіркелген. Бұл өткен жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 8,1%-ға көп. Мәселені пара берумен шешкісі келетіндердің де саны көбейген, деп хабарлайды Qazaq.today. Жасалған қылмыстардың үштен бірі, яғни 364 жағдай пара берумен байланысты. Кең таралған жемқорлық қылмыстарының арасында пара алу (249), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену (210),…