Қанаты сынбаған: Мұхамеджан Тазабек түрмеден шыққан Мұрат Әбділданы үлгі қылды

Діни уағыздарымен көптің сынына қалып жүрген Мұхамеджан Тазабек ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталып, түрмеден шыққан Мұрат Әбділданы көп адамға үлгі етті. Тәлімгердің сөзінше, желі жұлдызы шынайы болмысымен көпшіліктің жүрегін жаулап алған.

“Мұрат Әбділда – қарапайым халықтың нағыз өкілі. Әйтпесе, елден ерекше, жұрттан артық ештеңе істеген жоқ. Бірақ көптің шынайылыққа деген сұранысына жауап берді. Жалпы халқымыз өтіріктен, жалған қарым-қатынастан шаршады. Кім не айтса да “алдамаса екен, шынайы болсақ екен” деген аңсау әркімнің жүрегінде тұр. Мұрат сияқты қапастан шықса да, қанаты сынбаған, мінезі мұқалмаған, қарапайым халықтың қамын ойлап, көкейіндегісін дәл айтатын бауырларымыз аман болсын!”, – деді Тазабаек.

Боғауыз сөздерімен де танылған Мұрат Әбділда “Қоғам дауысы” подкастына сұхбат беріп, кінәсін толық мойындағанымен, арандатушылардың торына түсіп қалғанын жасырмаған еді.

“Бұрын соңды түрме көрмегенсін, басында қатты күйзеліске түстім. Басыма түскен іс түсім сияқты болды. Балағат сөз айтқаным үшін, қамалып кеттім. Негізі, арандатушылардың ісі болды. Бекерден бекер ешкімді боқтап сөйлемеймін. Арандатушылар шамайыңа тиетін сөз айтады, сондай кезде мен де есемді жібермеймін. Өзімнен де қате кетті. Қамалғаныма өзім ғана кінәлімін. Өнер адамының жүрегіне салмақ болатын жағдай өтті. Алла бәріне төреші. Қамалып кеткен қиын екен”, – деген еді әнші. 

192