Трамп пен Харрис тек келеді: АҚШ-тағы саяси науқан шарықтау шегіне жетті

Америкада саяси науқан шарықтау шегіне жетіп, президенттікке таласқан қос  үміткер сайлаушылармен соңғы кездесулерін өткізді. АҚШ-та президенттік сайлауға бірнеше сағат қалған кезде, үміткерлер соңғы кездесулерін өткізді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап. Республикалық партияның кандидаты Дональд Трамп Солтүстік Каролина, Пенсильвания және Мичиганда сөз сөйледі. Оның басты тақырыптарының бірі заңсыз көші-қон мәселесі болды. Трамп егер Мексика…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді

Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.

Толық оқу

Тоқаев транскаспий бағытын дамытуға басымдық берілетінін айтты

Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту басты басымдық. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.  «Қазіргі геосаяси жағдай Қазақстаннан негізгі Еуразиялық транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуды талап етеді. Біз 11 000 шақырым ескі теміржолды қайта құруды және 5000 шақырымнан астам жаңа теміржол…

Толық оқу

Тоқаев Моңғолия президентімен қандай келіссөз жүргізді?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық көрсеткені үшін Ухнаагийн Хурэлсухке ризашылық білдіріп, өзінің мемлекет басшысы ретіндегі Моңғолияға алғашқы сапарына ерекше мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Моңғолия – Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Қос халықтың дәстүрі мен мәдени-тарихи тамыры ортақ. – Құрметті президент, бүгін Сіздің…

Толық оқу

12 мың сарбаз: кореялықтар ресей әскерінің құрамында Украинаға қарсы соғыспақ

НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресейдің Курск аймағында Cолтүстік Корея әскерлерінің барын ресми түрде растады. Рюттенің айтуынша, Солтүстік Корея әскерлерінің Украинаға қарсы соғысқа қатысуы Үнді-Тынық мұхиты аймағына да, Еуроатлантикалық кеңістікке де қауіп төндіреді. Ол Солтүстік Корея әскерлерінің Ресей аймақтарына орналастырылуы Украинадағы соғыстың айтарлықтай өршуін білдіретінін атап өтті. НАТО бас хатшысы Мәскеу мен Пхеньянды бұл әрекеттерін дереу тоқтатуға…

Толық оқу