Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылау мәселелері баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамдардың, сондай-ақ осы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің бұған дейін мақұлданған деңгейде сақталып отырғаны жөнінде мәлімет берілді. Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі 4 пайыз, ал мұнай бағасы барреліне…

Толық оқу

Мәжіліс сайлауында 12 млн астам адам дауыс береді — ОСК

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында қанша қазақстандықтың дауыс бере алатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  «26 ақпанда біз 20 өңірдегі сайлаушылар тізімін алдық және сайлау учаскелеріне тапсырдық. Дәл қазіргі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелеріне берген сайлаушылар тізіміне 12 миллион 32…

Толық оқу

Бүгін АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы алғаш рет Қазақстанға келеді

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүгін алғаш рет Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.   «Бүгін мен Қазақстанға, Өзбекстанға және Үндістанға іссапарға шығамын. Бұл менің Қазақстан мен Өзбекстанға Мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы сапарым болады және мен Орталық Азиядағы әріптестігімізді одан әрі дамытуды асыға күтемін. Сол жерден мен Үндістанға G20 отырысына барамын», — деп жазды ол…

Толық оқу

Мәжіліс сайлауы: саяси партиялардың теледебаты өтетін күн белгіленді

ҚР ОСК отырысында алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялар арасында өтетін сайлауалды теледебаттар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттыұқ агенттігі. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова саяси партиялардың пікірсайысын өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. «Сайлау алдындағы жарыссөздерді өткізу тәртібі мен шарттары бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін…

Толық оқу

G20 елдері Украинадағы соғысқа байланысты бір пайымға келе алмай тарқасты

G20 елдерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшылары Үндістанның Бангалор қаласында өткен кездесуде бір консенсусқа келе алмай тарқасты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Еуроньюске сілтеме жасап. Оның себебі – Қытай мен Ресей кездесу қорытындысынан Украинадағы соғыс туралы сөзді алып тастауды талап еткен. G20-ға төрағалық еткен Үндістан кездесудің алдын ала қорытындысын жасап, тиісті мәлімдеменің мәтінін жариялаған еді….

Толық оқу