Мәжіліс сайлауы: саяси партиялардың теледебаты өтетін күн белгіленді

ҚР ОСК отырысында алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялар арасында өтетін сайлауалды теледебаттар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 
сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттыұқ агенттігі.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова саяси партиялардың пікірсайысын өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Сайлау алдындағы жарыссөздерді өткізу тәртібі мен шарттары бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партиялардың пікірсайысын өткізу туралы тиісті шешім қабылдады. Пікірсайыс ұйымдастыру мақсатында Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігімен тиісті телеарнаны анықтау бойынша консультация жүргізілді», – деді Анастасия Щегорцова.

Оның айтуынша, телеарнаның техникалық мүмкіндіктері мен аудиториян көлеміне назар аударылды.

«Министрлік «Хабар» мемлекеттік жалпыұлттық телеарнасының эфирінде сайлауалды теледебаттарды өткізуді ұсынды. Телеарна бүкіл ел бойынша телехабарлардың кең ауқымында хабар таратады. Сайлау алдындағы теледебаттардың күнін 2023 жылдың 16 наурызына белгілеу ұсынылды», – деді ол.

Еске салайық, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы биылғы 19 наурызда өтеді.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here