Оралда жылыжайда есірткі өсіргендер ұсталды
Орал қаласындағы жылыжайда көкеністің орнына есірткі өсірілген, деп хабарлайды qazaq.today тілшісі. Күдіктілердің бұл іспен қанша уақыттан бері айналысып келгені белгісіз. Тексеру барысында жылыжайдың ішінде есірткі жайқалып тұрған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-да тіркелді. «Гидропоника» әдісімен марихуананы өсірумен айналысқан есірткі зертханасының иелерін ҰҚК қызметкерлері ұстаған. Сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. …