Нығматулин Атырау арқылы Бакуге ұшып кетті
Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынғаннан кейін наурыздың ортасында Қазақстаннан ұшып кетті. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды. Дереккөзінің хабарлауынша, Нығматулин Нұр-Сұлтаннан Атырауға жеке ұшақпен барды. Содан кейін бірден Comlux компаниясының ұшағына мініп, баратын жері ретінде Баку қаласын таңдаған. Нығматулиннің елден осындай оғаш жолмен кетіп қалуы экс-спикердің ізін жасырмақ болғанын көрсетуі мүмкін….