Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ұрған видео тарады. Видеодағы оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтайды.
Instagram-да skandal_krg парақшасында жарияланған видеода оқиға Қарағанды облысы Абай қаласындағы балабақшада болғаны айтылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Камералардан бейнежазбаны көріп, жағамды ұстадым», – дейді видеоның авторы.
Қарағанды облысының ПД видео тарағаннан кейін зардап шеккендер мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Абай аудандық білім бөлімінің мәліметінше, балабақша жекеменшік, білім бөліміне бағынышты емес.
«Әдемі» балабақшасы – жекеменшік мектепке дейінгі мекеме. Абай аудандық білім бөлімінің қарауына жатпайды. 500 орындық жеке балабақша 2021 жылдың ақпан айында ашылған. Оқиғаға қатысты комиссия құрылды» делінген ресми ақпаратта.