Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалуы мүмкін

Қаралы қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен экс Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа лауазымға ұсынылуда. Бұл туралы «Kozachkov offside» Telegram-арнасы хабарлайды. «Бақытжан Сағынтаевқа жұмыс табылды. Осы құжаттарға қарағанда, Алматының экс-әкімі Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Руслан Бекетаевты алмастырады» делінген хабарламада.

Толық оқу

Алматыда Ұлықпан Сыдықов орталығы ашылды

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Ұлықпан Сыдықовтың шығармашылық  орталығы ашылды. Ұлықпан Есілханұлы  — әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының тегізін қалаушы, әрі осы Политехтың түлегі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, философия ғылымының докторы, профессор. Ұлықпан Есілханұлы «Тың игергені үшін», «Озат еңбегі үшін», «Білім және тәрбие ісінің үздігі» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің…

Толық оқу

Ресей әскери техникасы Батыс Қазақстан облысына оқу-жаттығуға келген

Апта басынан бері әлеуметтік желіде форма киген адамдар мінген әскери жүк көліктерінің Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендерде жүргені туралы видео тараған. Видео Бөкей ордасы ауданындағы Темір Масин атындағы селолық округ маңында түсірілген деп айтылады. Бұл туралы Азаттық жазды. Украинада соғыс жалғасып жатқан тұста және бірқатар ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға «шүйлігуінен» кейін Ресей туын ұстаған әскери көліктердің…

Толық оқу

Алматы марафонында рекорд жаңарды

Желаяқтар жарысына 28 елден спортшылар қатысты Алматы марафонында рекорд жаңарды. Жарысқа 5,5 мың спортшы қатысты.Пандемиядан кейін өткен марафонға 28 елден спортшылар келген. Шетелдіктер ТМД елдерінен бөлек Ұлыбритания, АҚШ, Австралиядан да арнайы келген. «Елімізде өтетін марафондар әлем сайыстарының картасына түсіп, халықаралық іс-шаралар деңгейдегі шыққанына өте қуаныштымын. Бұл жағдай ішкі туризмге серпін ғана емес, сырттан келетін туристтер…

Толық оқу

Қазақстанда төрт жаңа партия құрылуы мүмкін

ҚР Әділет министрлігі тіркеу үшін төрт саяси партияның құжаттарын қарайды. Бұл саяси бірлестіктер «Ел тірегі», «Халық дербестігі», «Намыс» және «Бәйтерек». «Халық дербестігі» партиясы екінші кезеңге өтті, растауды алды, съезін өткізді, енді заң бойынша партия 20 мың кандидаттың тізімін ұсынуы керек. Енді олардың тіркелу мерзімі заңмен тоқтатылды, партия мүшелерінің заңнамаға сәйкестігі тексерілуде» деді Әділет министрі Қанат…

Толық оқу