Алматыда Ұлықпан Сыдықов орталығы ашылды

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Ұлықпан Сыдықовтың шығармашылық  орталығы ашылды. Ұлықпан Есілханұлы  – әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының тегізін қалаушы, әрі осы Политехтың түлегі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, философия ғылымының докторы, профессор.

Ұлықпан Есілханұлы «Тың игергені үшін», «Озат еңбегі үшін», «Білім және тәрбие ісінің үздігі» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры», Үржар ауданының «Құрметті азаматы».

Ол 1948 жылы 10 қаңтарда Семей облысы, Тарбағатай ауданы Шағантоғай ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Мақаншы ауданында С.Сейфуллин атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген. 1970 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын қызыл дипломмен тәмамдаған.

«Ұлықпан Есілханұлының қанатынан өрбіп шыққан, білім алған шәкірттері бұл күнде Қазақстанның түкпір-түкпірінде еліміздің дамуына кірпіш  болып қаланып, өз үлестерін қосуда. Ұлықпан Есілханұлы бар саналы ғұмыры мен өмірін  білім мен ғылымға арнаған  ұлағатты ұстаз,  академик, ардақты әке, аяулы азамат. Университеттің құрметті  ұстазы, «Дос-Мұқасан»-ның негізін қалаушылардың бірі», – деді университеттің қоғаммен байланыс орталығы.

Шығармашылық орталықтың ашылуына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері мен ақын-жазуылар қатысты. Университет қабырғасында ашылған орталықтың мақсаты, негізі мамандықтары техника саласы болса да, өнерлі жастардың басын қосып, түрлі мәдени іс-шараларды өткізу.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here