Қытаймен шекарадағы кеден бекетінің басшылары ұсталды – видео

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі. Ресми мәліметке сәйкес, 28 ақпанда Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті «Нұр Жолы» кеден бекетінде шұғыл шаралар өткізді. Қадағалау органының қызметкері қылмыстық әрекеттің имитациясын жасаған. Оған тексеріс бойынша мәселелерді…

Толық оқу

Харьковтың халқын қазақ жастары да құтқарып жатыр

Харьков қаласында қазақ студенттері еріктілер қатарында жергілікті халыққа көмектесіп жатыр деп хабарлады Qazaq.Today басылмы turkystan.kz сілтеме жасап. Мысалы, кешеден бері Нұрсұлтан есімді отандасымыз кескілескен шайқас пен бомбадан жертөлелерге тығылған халыққа азық-түлік тасып, көрпе-жастығын жеткізіп беріпті. Сондай-ақ, ол Львов қаласында пойызға ұмтылған халықтың ішінен әуелі ана мен баланы шекара асыру үшін жанұшыра жүгіріпті.

Толық оқу

«Қазақтың шын көңіліне қарап, көзімнен жас шығып кетті» –Украинаның Қазақстандағы елшісі (ВИДЕО)

Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский ulysmedia.kz ақпарат құралына сұхбат берді деп хабарлады Qazaq.Today. Ол интервьюде соғыс туралы біраз мәлімет беріп, Қазақстаннан Украинаға жіберіліп жатқан гуманитарлық көмекке алғыс білдірді. – Сенбі күні қазақтар Украинаға арнап жылу жинай бастағанын естідім. Таңертең ғана 2 млн теңге турасында әңгіме болып жатқан. 15-20 минуттан кейін қарасам, әлгі сома өсіп, артынша оған…

Толық оқу

«Елімізге қайтуға көмектесіңіздер»: Қазақстандық жүргізушілер Украинадан шыға алмай қалған

Қазақстандық көлік жүргізушілері Украинадан шыға алмай отыр. Астана телеарнасының хабарлауынша, олардың саны шамамен 50-ге жуық, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат агенттігі. Оралдық Нұрым Садықов Украинаға 23-ақпанда жеткен. Сол күні зауыттан ауыл шаруашылығы техникасын тиеп, Қазақстанға кері қайтуы керек болған. Бірақ кенеттен соғыс басталып кетті дейді. Оның сөзіне сенсек, бүгінде зауыттың жұмысы тоқтап тұр, өйткені жұмысшылары түгел…

Толық оқу

Қазақстанда доллар бағамы 495 теңгеге түсті

Қазақстанның Ұлттық банкі 98,1 миллион долларға валюталық интервенция жасады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық банк әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 28 ақпанда Kase қор биржасында сауда-саттық Франкфурт аукционы түрінде өткенін еске салды. «Мұндай механизм мәмілелердің максималды мүмкін болатын көлемі…

Толық оқу