Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек тасымалдауда қиындыққа ұшырағанын хабарлады
Қазақстан Украинадан амбулаторлық және стационарлық емдеуге қажет дәрі-дәрмектің 25 түрін тасымалдау бойынша қиындыққа кезікті. 18 наурызда денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді. Министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан дәрі-дәрмектің басым бөлігін Еуропадан, шамамен он пайызын Ресей, Беларусь, Украинадан тасымалдайды. —Қазір Украинамен қиындық туындап отыр. Жалпы Украинадан дәрі-дәрмектің 25 түрін сатып аламыз. Препараттардың 40 пайызы жеткізілген….