Эфирге «Соғысты тоқтатыңдар» деген жазу ұстап шыққан журналиске айыппұл салынды
Мәскеудің Останкино соты Бірінші арна редакторы Марина Овсянниковаға «заңсыз наразылық акциясына шақырғаны үшін» 30 мың рубль көлемінде айыппұл салды. Овсянникова 14 наурызда кешке «Время» жаңалықтар бағдарламасының тікелей эфирі болып жатқанда студияда отырған диктордың қасына атып шығып, «Соғысты тоқтатыңыздар. Пропагандаға сенбеңіздер. Бұл жерде сіздерді алдап жатыр» деген плакат ұстап тұрды. Ол диктор сөйлеп жатқанда «Соғысты тоқтатыңыздар! Соғысқа жол…