Бүгін, 15 наурызда сот санкциясымен Қайрат Сатыбалды екі айға қамалған. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық аудан аралық арнаулы тергеу соты таратты.
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 наурызда «Қазақтелеком» АҚ қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыны ұстап, уақытша қамау изоляторына қамаған.
Агенттік «Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр» деп хабарлаған.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі 51 жастағы Қайрат Сатыбалдыұлы «Kaspi.kz» АҚ негізгі акционерлерінің бірі болған (30%), Alatau Capital Invest арқылы «Қазақтелекомда» үлесі бар.
15