
Ақтөбеде футболдан жарысқа бара жатқан балалар көлік апатынан көз жұмды
Фото: Видеодан алынған кадр Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, 7 тамызда Самара-Шымкент автожолының 862-шақырымында жол-көлік апаты орын алды. Салдарынан 6 адам опат болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жүк көлігі мен минивэн соғысқан. «Апат салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі және оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Оның үшеуі – бала. Алдын ала мәліметтер…