Отбасылы келіншекті терезеден кіріп зорламақ болды – Ақсу ауылы әкімінің үстінен іс қозғалды

БАҚ-тың хабарлауынша, полиция үйге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Полицияға арыз-шағымды жәбірленуші түсірген.

«Бірнеше күннен бері Жетісу облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылының әкімі күйеуі, бала-шағасы бар келіншекті түннің ортасында терезеден кіріп зорламақ болды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл әкім осындай іске екінші рет барғаны айтылады. Неге іс қозғалмайды?.. Оның «крышасы» мықты. Енді істің бәрі бұрмаланып, әкім сытылып кетсе, таңғалмаймын», – дейді желіге видео жариялаған Мұрат Орманов.