
Сырымбек Тау Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне көлік сыйлады
Кәсіпкер Сырымбек Тау Instagram-дағы парақшасына видео жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today. Кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов, Нұрбек Оралбай және Назым Қызайбайға бір-бір көліктен мінгізді. Сондай-ақ олар Олимпиаданың ширек финалында өнер көрсеткен Айбек Оралбайды да назардан тыс қалдырмады. «Айбек екеумізді бөліп-жармай, екеумізге де темір тұлпар мінгізді. Алла разы болсын, ағалар!» — деп жазды боксшы Нұрбек Оралбай…