Түрксіб ауданындағы Әскери институт аймағында 44 жасар сержанттың денесі табылды. Алдын-ала мәлімет бойынша, әскери қызметкер өзіне қол салуы ықтимал.
Алматы қаласының Ішкі істер департаменті бұл ақпаратты растады. «Өзіне қол салуға жеткізу, өзін-өзін өлтіруге ықпал ету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.
«Осы дерек бойынша Оңтүстік аймақтық Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабар таратты Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
11