Солтүстік Қазақстанда мектептің төбесі опырылып құлады
Солтүстік Қазақстан облысында мектептің төбесі опырылып құлады, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. Аққайың ауданына қарасты Тоқшын ауылдық мектебінің акт залының төбесі құлаған. Қауіпті оқиға кеше кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Мектептің төбесі құлағанда 300-ге жуық бала сабақ оқып жатқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Облыстық білім басқармасының ақпаратынша, оқушылар соңғы тоқсанды қашықтықтан оқымақ. «2022 жылдың …