Солтүстік Қазақстанда мектептің төбесі опырылып құлады

Солтүстік Қазақстан облысында мектептің төбесі опырылып құлады, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. Аққайың ауданына қарасты Тоқшын ауылдық мектебінің акт залының төбесі құлаған. Қауіпті оқиға кеше кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Мектептің төбесі құлағанда 300-ге жуық бала сабақ оқып жатқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Облыстық білім басқармасының ақпаратынша, оқушылар соңғы тоқсанды қашықтықтан оқымақ.

«2022 жылдың  4 сәуір күні Аққайың ауданының «Тоқшын мектеп-гимназиясы» КММ акт залының шатыры (негізгі ғимаратқа қосылып салынған бөлігінде) жартылай опырылды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына шұғыл түрде уәкілетті органдардың басшылары келді. Сондай-ақ мән-жайларды анықтау және шаралар қабылдау үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала жасалған балжамды  себеп бойынша – оқиға іргетастың шөгуі мен шатырдан жауын суының ағуы. Мектепте 293 оқушы оқиды. Мәселені шешкенге дейін олар қашықтан сабақ оқиды.  Биылғы жылы әкімдік мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша қаражат бөлді және келесі жұмыс түрлері қарастырылды: негізгі мектептің шатырын, акт залы мен интернат ғимаратының шатырын ауыстыру», – делінген облыстық білім басқармасы таратқан хабарламада.

Тоқшын ауылы облыс орталығынан 50 км қашықтықта орналасқан. Мектеп 1955 жылы пайдаланылуға беріліпті. Акт залдың құлауына ғимарат іргерасының тозуы себеп болған көрінеді. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 150-ден астам білім беру ошағы жедел түрде күрделі жөндеуді қажет етеді.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here