Қазақстан ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындамайды – ҚР СІМ

Сыртқы істер министрі Тимур Сүлейменовтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жуырдағы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy сілтеме жасап qazaq.today ақпараттық агенттігі хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, жуырда Брюссельде Сүлейменов Қазақстан Ресейге салынып жатқан санкцияларды ұстанады деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ…

Толық оқу

ҰҚК тағы бір бастығы қызметінен босатылды

  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Дархан Ділмановты қызметінен босатты. Бұл туралы Qazaq.Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ділманов Шекара қызметінің директоры лауазымынан да босатылды. Ол жоғары лауазымды қызметке К.Мәсімовтың тұсында тағайындалған. «Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан…

Толық оқу

Солтүстік Қазақстанда мектептің төбесі опырылып құлады

Солтүстік Қазақстан облысында мектептің төбесі опырылып құлады, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. Аққайың ауданына қарасты Тоқшын ауылдық мектебінің акт залының төбесі құлаған. Қауіпті оқиға кеше кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Мектептің төбесі құлағанда 300-ге жуық бала сабақ оқып жатқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Облыстық білім басқармасының ақпаратынша, оқушылар соңғы тоқсанды қашықтықтан оқымақ. «2022 жылдың …

Толық оқу

Головкин-Мурата жекпе-жегін әлемнің 200-ден астам елі көре алады

9 сәуірде Жапонияда өтетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Sports.kz. Бокс кеші Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлемчемпионының белбеуі сарапқа салынады. Отандасымыздың бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде…

Толық оқу

Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетелдік барлау агенті ұсталды – ҰҚК

Алдын ала тергеу барысында ер адам бұл істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады Фото: ҚР ҰҚК Шетел барлау агенті Мемлекет басшысы мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. 25 наурызда ҰҚК қарсыбарлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында Президентке және бірқатар жоғары…

Толық оқу